JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың маңызды сатысы саналады. Сол себепті қолданыстағы заңнамалық негіз мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынасының құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерін анықтайды.

 Бүгінгі таңда заңнамалық деңгейде басымдылықтар, қағидаттар, механизмдер, тараптардың міндеттемелері, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру деңгейлері сипатталған

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы зор мәселелерді шешуге қатысуына арналған құқықтық негіз заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың мейлінше тиімді түрі саналады.

Баршамызға мәлім, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 cәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйақылар туралы» Заңы «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» терминін анықтайды және оның жай-жапсарын суреттейді.

Ал мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау процедуралары ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен және сәйкес нормативтік-құқықтық актілермен, көп ретте Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі.

 

Дегенмен бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларда ішкі процедураларды сан түрлі түрлендіру, соның ішінде заңнамада қарастырылмаған критерийлерді бағалау, талаптар орнату, алдын ала төлемдердің болмауы және үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурстарына қатысу жағдайын қиындата түсетін басқа да аспектілер бөліміндегі тәжірибесі бар.

Сол себепті тренингтердің мазмұнына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруға қадамды оңтайландыруға арналған әдістемелік нұсқаулар кіреді.

Оқу құралының мазмұны талаптар, процедуралар мен мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру кезінде жіберілетін қателіктерді сипаттайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы үкіметтік емес секторының ескертпелері мен ұсыныстарына негізделген.